Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы ҚХЛ-да көш бастап тұр

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы ҚХЛ-да көш бастап тұр
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында магниторскілік "Металлург" өз айдынында "Сибирьді" қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті. 


Ойын есебін шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы және астаналық "Барыстың" экс-ойыншысы Павел Акользин ашты. Ол шайбаны өз командасы кем құрамда өнер көрсетіп жатқанда соққан. Бұл - Павел Акользиннің осы маусымда кем құрамдағы ойын кезінде соққан үшінші голы. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан құрамасының шабуылшысы Лигада көш бастап тұр. 


ҚХЛ 2022/2023 жылдарғы маусымында Павел Акользин 25 кездесуге қатысып, 8 ұпай (6+2) еншілеген.