Азия ойындары: Аида Әбікеева қытайлық боксшыдан жеңілді

Азия ойындары: Аида Әбікеева қытайлық боксшыдан жеңілді
Бокс

ҰОК

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында қытайлық Шу Лимен жұдырықтасқан. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен қытайлық боксшы 4:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Аида Әбікеева жарыс жолын аяқтады.