«Барыс» бүгін өз айдынында СКА командасымен шеберлік байқасады

«Барыс» бүгін өз айдынында СКА командасымен шеберлік байқасады
Хоккей

«Барыс» хоккей клубы

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты біріншілігі аясында астаналық «Барыс» елордадағы кезекті кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Бұл жолғы қарсылас - СКА командасы. 

Жергілікті уақытпен 17:00-де басталатын ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Аталмыш матчқа жарақатына байланысты «Барыс» сапынан Мәди Диқанбек, ал СКА құрамынан Линус Вайссбак қатыса алмайды.