Спорттық жүрістен Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарының чемпионы атанды

Спорттық жүрістен Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарының чемпионы атанды
Басқа

Арлан Олжабай

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тоғызыншы алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Bassport.kz.

21 жастағы отандасымыз Ясмина Тоқсанбаева әйелдер арасындағы марафондық қашықтықтағы (42,195 шақырым) спорттық жүріс жарысында топ жарды. Ол мәре сызығын 3 сағат 22 минут 20 секундта кесіп өтіп, қарсыластарынан оқ бойы озық кетті. 

Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті – 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді. Осылайша, Ясмина Қазақстан жеңіл атлетикасы тарихында жаңа белесті бағындырды. Осы бағдарлама бойынша ерлер арасында бақ сынаған тағы бір қазақстандық Георгий Шейко жарысты алтыншы орынмен аяқтады.