Аңдымай сөйлеген айыппұл арқалайды

Аңдымай сөйлеген айыппұл арқалайды
Хоккей

Қарағандылық "Сарыарқа" хоккей клубының бас бапкері Петерис Скудраға айыппұл салынды. 

13 қараша күні  "Сарыарқа" - "Ертіс" матчы аяқталғаннан кейін қарағандылық команданың бас бапкері тарапынан маркетинг жөніндегі Регламенттің 11-тарауының 6-тармағы бұзылды. 

Осы тармаққа сәйкес клубтарға әлеуметтік желілерде судьялардың, ҚХФ, басқа клубтардың және олардың хоккейшілерінің / өкілдерінің / жанкүйерлерінің ар-намысына, кәсіби және жеке қасиеттеріне нұқсан келтіретін немесе күмән келтіретін сөздерді, бейнелер мен суреттерді пайдалануға тыйым салынады.

"Петерис Скудраның хоккейшілер мен "Ертіс" ХК жаттықтырушылар құрамына айтқан сөздері үшін "Сарыарқа" ХК-ға ақшалай айыппұл салынды. Қайталама бұзушылықтар болған жағдайда бас жаттықтырушыны шеттету туралы мәселе қаралатын болады, - делінген PRO HOKEI LIGASY сайтындағы хабарламада.