Диана Ержанова триатлоннан әлем кубогы кезеңінде сынға түседі

Диана Ержанова триатлоннан әлем кубогы кезеңінде сынға түседі
Басқа

ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Диана Ержанова 6 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) өтетін триатлоннан әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Жарыс Әл-Мамзар саябағында ұйымдастырылады. World Triathlon ұйымының мәліметінше, аталған бәсекеде 65 спортшы бақ сынайды.

Айта кетейік, жарыс Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Диана Ержанова бұл додаға дейін қараша айында Иорданияның Акаба қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.