Исраэль Адесанья сенсациялық жеңіліске ұшырады

Исраэль Адесанья сенсациялық жеңіліске ұшырады
Басқа

UFC 281 турнирінің басты жекпе-жегі Жаңа Зеландия спортшысы Исраэль Адесанья мен бразилиялық Алекс Перейра кездесуі сенсациялық нокаутпен аяқталды. 


Жаңа Зеландиялық спортшы өзінің орта салмақтағы UFC чемпионы атағын сарапқа салған кездесу бес раундқа есептелген. Соңғы раундта бразиялиялық спортшы Адесаньяны нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Бұл оның жетінші жеңісі және ол UFC-дің жаңа чемпионы. Ал Адесанья болса, чемпиондық атағынан айырылып, осымен кәсіби мансабында екінші рет жеңіліс тауып отыр.