Пара дзюдодан Әлем чемпионаты: тағы бір спортшымыз жеңімпаз атанды

Пара дзюдодан Әлем чемпионаты: тағы бір спортшымыз жеңімпаз атанды
Дзюдо

Пара дзюдодан 8-11 қараша күндері Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан Әлем біріншлігінде ел қоржынына алтын медаль түсті. 


73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шамей неміс спортшысы Сасс Леннартті 1:0 есебімен жеңіп, Әлем чемпионатында топ жарды. 


Әйелдер арасында Ақмарал Науатбек пара дзюдодан Әлем чемпионатының жеңімпазы атанғанын бұған дейін хабарлағанбыз.