Ақмарал Науатбек пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Дзюдо
Пара дзюдодан Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан Әлем біріншілігінде Ақмарал Науатбек тұғыр биігінен көрінді.
48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшымыз финалдық белдесуде франциялық Ауриерес Мартинет Сандринді тізе бүктіріп, Әлем чемпионатының алтын алқасын иеленді.
Ақмарал Науатбек пара дзюдоға көзінің нашар көруі себебінен ауысты.
Ал 2018 жылғы Әлем чемпионатында Олжас Оразалыұлы Қазақстан қоржынына пара дзюдодан Әлем бірінішлігінің алғашқы алтынын салған болатын.
Пара дзюдодан Әлем чемпионаты 8-11 қараша аралығында өтеді, онда 41 мемлекеттің 300-ге тарта спортшысы бақ сынап жатыр.