Billie Jean King Cup: Юлия Путинцева алғашқы жеңісті сыйлады

Billie Jean King Cup: Юлия Путинцева алғашқы жеңісті сыйлады
Теннис

Бүгін Глазгода (Ұлыбритания) әйелдер арасындағы теннистен Әлем чемпионаты басталды. Биллин Джин Кинг Кубогындағы бірінші қарсылас - Ұлыбритания құрамасы. 


Жарыс жолына алғаш болып Юлия Путинцева шығып, ұлыбританиялық Кэти Бултермен кездесті. Қазақстанның екінші, әлемнің 52-ракеткасы қарсыласынан бірінші сетте 4:6 есебімен жеңілгенімен, екінші және үшінші сеттерде мінез көрсетіп, 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Сөйтіп, Путинцева Қазақстан құрамасына Әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісін сыйлады.


Бұл екі теннисшінің бір-бірімен үшінші рет бетпе-бет кездесуі. Үш матчта да қазақстандық спортшы басым түсті. 


Билли Джин Кинг Кубогында Қазақстан құрамасы С тобында өнер көрсетіп жатқанын және қарсыластары Ұлыбритания мен Испания құрамалары екенін сала кетейік.