Азия ойындары: Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

Азия ойындары: Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады
Бокс

ҰОК

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында қатарлық Мохаммед Дбичимен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол ширек финалға жолдама алды. Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) жарысты аяқтаған болатын.