Милад Карими Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Милад Карими Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Басқа

ҰОК

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында сынға түсті. Нәтижесінде 14.600 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді. Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юло чемпион атанды - 14.666. Жапониялық Сёма Цукияма үздік қола жүлдеге ие болды - 14.566.