Grand Slam: Абылайхан Жұбаназар қарсыласынан жеңілді

Grand Slam: Абылайхан Жұбаназар қарсыласынан жеңілді
Дзюдо

4-6 қараша аралығында Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан кезекті Гранд-слэм турнирі өтуде.

Ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар өнер көрсетті. Турнирді бірінші айналымнан бастаған қазақстандық дзюдошы  аргентиналық Томас Моралеспен күш сынасты. 

Нәтижесінде аргентиналық дзюдошы Абылайханды "иппон" әдісімен жеңді. 

Еске салайық, бұған дейін 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Самалай Ерғалиева мен Есмигүл Куюлова қарсыластарына есе жіберген болатын. Ал 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Данияр Шамшаев жеңіске бір қадам жақындады.