Grand Slam: Ерғалиева мен Куюлова қарсыластарына есе жіберді
Бүгін Бакуде өтіп жатқан Гранд-слэм (Үлкен дулыға) турнирінің екінші күні.
Айта кетейік, бүгін ерлер арасында 73 келі және 81 келіге дейінгі салмақта, ал әйелдер арасында 63 келі және 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кездесулер өтеді.
Татамиге 63 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан шыққан Самалай Ерғалиева әзірбайжандық Айтадж Гардашханлимен белдесті. Өкінішке қарай, отандасымыз жеңіліп қалды.
Одан кейін Есмигүл Куюлова өнер көрсетті. Ол хорват Ивай Оберанмен кездесіп, ұтылды.