Қазақстандық шорт-трекшілер Әлем Кубогында жартылай финалға шықты
Қысқы спорт
Американың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр.
Ерлер арасындағы 1500 метр қашықтықтағы сайыста Нұртілек Қажғали мен Әділ Ғалиахметов жартылай финалға өтті. Дәл осы қашықтықтағы әйелдер сынында Ольга Тихонова да жартылай финалда өнер көрсететін болды.
Естеріңізге сала кетейік, Әлем Кубогының Канадада өткен бірінші кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы эстафеталық жарыста күміс жүлдені иеленген болатын.