Антон Сагадеев Құрлықтық хоккей лигасында 300 ойынға қатысты

Хоккей
Қазақстандық хоккейші Антон Сагадеев үшін кешегі "Сибирь" командасына қарсы ойын Құрлықтық хоккей лигасындағы 300-ші матчты болды. 292 ойынға "Барыс" ойыншысы ретінде қатысқан.
Осы уақытқа дейін Антон 64 (31+33) ұпай жинаған. Орташа есеппен хоккейші әр ойында мұз айдында 12,5 минут өткізеді. 101 күштік әдіс қолданған және 125 соққыға бөгет жасаған.