Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
ҰОК
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
14 қыркүйекте аяқталған US Open-2026 турнирінің қорытындысы бойынша әлемдік рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды. Қазақстандық теннисші бірінші орынға көтеріліп, бұған дейін көш бастап келген Беларусь өкілі Арина Соболенконы басып озды.
Бұл – Елена Рыбакинаның кәсіби мансабындағы әлемдік рейтингіде алғаш рет көш бастауы. Сонымен қатар Рыбакина Қазақстан тарихында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингінің бірінші орнына көтерілген тұңғыш спортшы атанды.
Қазақстандық теннисші US Open турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін-ақ рейтингіде бірінші орынды өзіне қамтамасыз етті. Кейін Рыбакина финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.
Нью-Йорктегі бұл жеңіс Рыбакина үшін US Open турниріндегі алғашқы чемпиондық атақ әрі «Үлкен дулыға» жарыстарындағы үшінші жеңісі болды.