Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасы көк Туды алып шықты
Басқа
ҰОК
Жапонияның Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін Азия ойындарының ашылу салтанаты ресми түрде өтті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Салтанатты шеруде Қазақстан құрамасының туын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен Сарвиноз Миркадирова ұстап шықты. Олар Нагоядағы стадионда көк Туды алып жүріп, ел құрамасын бастап өтті. Биылғы Азия ойындарында Қазақстан намысын 35 спорт түрінен 570 спортшы қорғайды. Жарыстың алғашқы жүлделері ертең, 20 қыркүйек күні сарапқа салынады.
Айта кетейік, Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.