"Ақ Барс" Панюковты жібермейтін болды

Хоккей

"Ак Барс" қазақстандық хоккейші Кирилл Панюковты басқа ойыншыға ауыстырмайтын болды. Бұл туралы metaratings.ru хабарлады. 

Бұған дейін Қазан клубы Панюковты, егер бас жаттықтырушы Олег Знарок өз орнында қалса, ауыстыратыны туралы ақпарат тараған болатын

Панюков биылғы маусымда "Ак Барс" командасымен 12 ойынға қатысып, екі шайба соғып, бір рет голдық пас шығарған.  

Ойыншы соңғы рет 14 қазанда "Автомобилистке" қарсы матчта мұз айдынына шықты. Бұл ойында" Ак Барс " буллиттер саны бойынша жеңілген еді (1:2б).

30 қазанда "Ақ Барс" "Нефтехимикті" 5:2 есебімен ұтқан. Бұл қазандықтардың соңғы 11 матчтағы екінші жеңісі.