Қазақстандық хоккейші Кирилл Панюков "Ак Барстан" кетуі мүмкін

Қазақстандық хоккейші Кирилл Панюков
Хоккей

"Ак Барс" қазақстандық хоккейші Кирилл Панюковты басқа ойыншыға ауыстыруы мүмкін. Бұл туралы ТИ-спорт хабарлады. 

Қазіргі таңда қазандық команда Панюковты Құрлықтық хоккей лигасындағы басқа командаға ауыстыру жолын қарастырып жатыр. Егер де "Ак Барс" клубының бас бапкері Олег Знарок өз қызметінде қалатын болса, Кирилл Панюков басқа командаға кетеді. Өйткені бапкер қазақстандық хоккейшіге негізгі құрамнан орын бермейді.

Панюков биылғы маусымда "Ак Барс" командасымен 12 ойынға қатысып, екі шайба соғып, бір рет голдық пас шығарған.