Ақтауда «Тrail running» жүгіру марафоны мәресіне жетті
Ақтаудағы жылы жағажайда өткізілген «Тrail running» табиғи рельеф бойынша жүгіру марафоны аяқталды.
Жарысқа 280 адам қатысты.
«Сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында мәрені бірінші Жандос Жұмабаев аттады. Екінші орынға ақтаулық Руслан Аринов, үшінші орынға Петрпавлдан келген Әділ Қанафин жайғасты. Ал әйелдер арасындағы үштіктің төріне Жадыра Иманбаева шықты. Мәре сызығына екінші болып Александра Бектшева, үшінші Шахноза Ходжаниязова жетті. 16 жасқа дейінгі балалар арасында бірінші орынды Мейрамбек Мырзалиев, екінші орынды Нәби Орынбасар және үшінші орынды Қуаныш Елубекұлы иеленді», делінген мәліметте.
Айта кетейік, өңірде күзден бастап 150 адамның қатысуымен веложарыс және 1000 адам қатысқан жүгіруден жартылай марафон өткен болатын.