Ақтөбелік жанкүйерлер төрешіге «садақа» ақша жіберіп жатыр

Ақтөбелік жанкүйерлер төрешіге «садақа» ақша жіберіп жатыр
Футбол
«Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлері тараздық төреші Сәкен Байымбеттің жеке телефон нөмірін жариялап, оның банк карточкасына ақша жіберіп жатыр. 

Әр жіберілген 100 теңгеге «Садақа», «Сайқымазақ» деген сияқты хабарлама жазылған. 

 
.
Жанйкүйерлердің пкірінше дәл осы тараздық төреші «Тобылмен» болған ойынның есебіне кінәлі. 
 
Айта кетейік,  «Тобыл» мен «Ақтөбе» арасындағы футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 23-ші турдың орталық кездесуі даумен аяқталды. Осы ойында «Тобыл» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Шешуші гол матчтың 87-ші минутында пенальтиден соғылды. Оның авторы Серікжан Мұжықов. Алғашқы соққыны Стас Покатилов қайтарады. Алайда төреші VAR-дың көмегіне жүгініп пенальтиді қайта соқтырады. 

Сонымен қатар, жанкүйерлердің пкірінше «Тобыл» ойышысы өз айып алаңында қолымен ойнағанына төреші назар аудармай, олардың қақпасына 11 метрлік айып соққысын бермеген. 
 
Осы жеңілістен кейін «Ақтөбе» «Астана» командасының арасы бір ғана ұпай болды. Елордалықтар «Қайратты» 4:0 есебімен жеңіп, төрт ұпайлық айырманы қысқарта алды.