Қазақстан нысана көздеуден әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
Басқа
ҰОК
Мысырдың Каир қаласында нысана көздеуден әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Аталған байрақты бәсекеге 50 елден 378 спортшы тіркелген. Қазақстан құрамасынан алдын ала тізімге Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков енді. Отандастарымыз 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен оқ ату сайысында ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 8-16 қазан аралығында өтеді.