Қазақстан триатлоннан Испаниядағы әлемдік серияның финалында бақ сынайды

Қазақстан триатлоннан Испаниядағы әлемдік серияның финалында бақ сынайды
Басқа

ҰОК

23 қыркүйекте Испанияның Понтеведра қаласында триатлоннан әлемдік серияның финалы басталады, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Аталған додада Қазақстан құрамасы U23 санатында және жасөспірімдер арасында сынға түседі. Ұлттық құраманың тізіміне Александр Тен, Рамазан Әйнегов, Алуа Нұрмұхамет енді. Айта кетейік, аталған халықаралық турнир 27 қыркүйекке дейін жалғасады.