US Open турнирі: Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды

 US Open турнирі: Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды
Теннис

ҚТФ

Александр Бубликтің Нью-Йорктегі жорығы үшінші айналымда аяқталды, деп хабарлады Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз әлемнің 21-ракеткасы, америкалық Томми Полмен нағыз марафондық кездесу өткізді. Матч барысында Бублик алға шыққанымен (сеттер есебі 2:1), төртінші және бесінші шешуші кезеңдерде ойыны жүрмей қалды. 3 сағат 12 минутқа созылған текетірес 4:6, 6:3, 7:6, 1:6, 3:6 есебімен жергілікті теннисшінің пайдасына аяқталды. Александр 16 эйс жасағанымен, брейк-пойнттарды пайдалануда қателіктер жіберді. Осылайша, ол өткен жылғы 4-ші айналымдағы нәтижесін қайталай алмады.