Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына өтті
Теннис
ҚТФ
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
1/8 финалда Рыбакина Жапония өкілі Наоми Осакомен кездесті. Матч екі сетке созылып, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты. Рыбакинаның келесі қарсыласы – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Қытай өкілі Чжэн Циньвэнь.