Елена Рыбакина Германиядағы турнирден бас тартты

Елена Рыбакина Германиядағы турнирден бас тартты
Теннис

ФОТО: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Бад-Хомбург қаласында өтетін WTA 500 санатындағы турнирге қатыспайды, деп хабарлайды Bassport.kz Sports24.kz сайтына сілтеме жасап. 

 Теннисші жарыс ұйымдастырушылары таратқан мәлімдемеде оң жақ жамбас тұсындағы жайсыздыққа байланысты турнирден бас тартуға мәжбүр болғанын айтты.

«Өкінішке қарай, оң жақ жамбасымдағы жайсыздыққа байланысты Бад-Хомбургтегі турнирге қатыса алмаймын. Алдағы қадамдар туралы шешім қабылдамас бұрын дәрігерлер тобымен кеңесіп, қосымша тексеруден өтуім қажет. Қолдау көрсетіп, түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет», – деді Рыбакина.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші соңғы алты матчтың төртеуінде жеңіліс тапқан. Соңғы кездесуінде ол филиппиндік Александра Эаладан ұтылып қалған болатын. Әзірге Рыбакинаның жарақатының қаншалықты ауыр екені белгісіз. Теннисші қосымша медициналық тексеруден кейін алдағы турнирлерге қатысу-қатыспауы жөнінде шешім қабылдайды.