Қазақстан құрамасының ойыншылары «Торпедоға» ауысты, «Номад» жас таланттарды қатарға қосты

Қазақстан құрамасының ойыншылары «Торпедоға» ауысты, «Номад» жас таланттарды қатарға қосты
Хоккей

Фото: Кристина Усович, «Сарыарқа» ХК

«Номад» пен Өскеменнің «Торпедо» клубтары ойыншылардың құқықтарына қатысты келісімге келді, деп хабарлайды Bassport.kz «Барыс» хоккей клубының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жасалған келісім нәтижесінде елордалық клуб қорғаушылар Никита Дубинкин мен Артём Гасниковқа, сондай-ақ шабуылшылар Владислав Ануфриев пен Рауан Қайыржанға қатысты құқықтарды иеленді. Өз кезегінде «Торпедо» құрамына Қазақстан құрамасының ойыншылары Саян Данияр, Диас Гусейнов, Артур Гатиятов және Данил Бутенкоға қатысты құқықтар өтті.

Осылайша, өскемендік клуб тәжірибелі әрі ұлттық құрама деңгейінде өнер көрсетіп жүрген хоккейшілермен толықса, «Номад» болашағынан үміт күттіретін жас ойыншыларды өз қатарына қосты.