«Атырау» 8 ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты

«Атырау» 8 ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты
Футбол

«Атырау» ФК

Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХХV турының алғашқы ойын күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл күнгі ойындарды «Қызылжар» (Петропавл) — «Атырау» командалары түйіндеді. Турнир кестесінде петропавлдық ұжымның жағдайы тәуір десек болады. Есесіне атыраулық команда бірінші лигаға түсіп қалу қауіпті аймағында тұр. Сол себепті бүгін олар жеңіске жету кілтін іздейді. Соңғы екі матчта атыраулық клуб қатарынан қарсыластарына есе жіберіп қойды. Кездесу барысында атыраулық клубтан Риливан Рабиу 87-минутта соққан голы өз командасына жеңіс алып келді. Осылайша «Атырау» қарсыласын 1:0 есебімен қапы қалдырып, турнир кестесінде 23 ұпаймен он бірінші орынға көтерілді. Олар сегіз ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.