ҚФФ қызметкері Еуропа лигасының ойындарында қызмет атқарады

ҚФФ қызметкері Еуропа лигасының ойындарында қызмет атқарады
Футбол

ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының матч-менеджері Уәлихан Байтаков УЕФА Еуропа лигасының 2026/27 жылғы маусымы аясында Арменияның «Арарат-Армения» клубының өз алаңында өткізетін ойындарына UEFA Venue Director ретінде тағайындалды, деп хабарлайды Bassport.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап. 

Лига кезеңі форматында «Арарат-Армения» өз стадионында «Спарта Прага» (Чехия), «АЗ Алкмаар» (Нидерланд), «НЕК Неймеген» (Нидерланд) және «Целе» (Словения) футбол клубтарын қабылдайды. Армениялық клубтың өз алаңындағы матчтарын ұйымдастыру қазақстандық маманның тікелей қатысуымен өтеді. UEFA Venue Director – бұл матчтың, әсіресе оның спорттық жағынан ұйымдастырылуына жауапты UEFA өкілі. Ол UEFA тарапынан Лига кезеңі мен еурокубоктардың плей-офф раундтарына қатысатын клубтардың матчтарына арнайы тағайындалады.