Неймардың жасыл алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Неймардың жасыл алаңға қашан оралатыны белгілі болды
Футбол

Marcos Ribolli / ge.globo.com

Бразилиялық «Сантос» клубының 34 жастағы шабуылшысы Неймар оң жақ санының бұлшықет жарақатын алып, 4 аптадан 8 аптаға (екі айға) дейін қатардан шығып қалды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Футболшы Бразилия кубогының ширек финалында «Палмейрасқа» қарсы өткен кездесуде (0:0) жарақат алып, бірінші таймнан кейін алаңнан кетуге мәжбүр болған еді. Медициналық тексерістен соң клуб оның диагнозын ресми түрде жариялады.

Globo басылымының хабарлауынша, мұндай зақымдан кейін қалпына келу процесі 4 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін.

Матчтан кейін ашуға булыққан Неймар «Вила Белмиро» стадионының көгалын аяусыз сынады.

– Бұл стадион тарихындағы ең нашар көгал. Күтім жасаған адамға «рахмет», - деп жазды футболшы.

Айта кетейік, «Сантос» екі матч қорытындысы бойынша (0:3, 0:0) турнирден тыс қалды. Осы маусымда 34 жастағы Неймар «Сантос» сапында 24 матч өткізіп, 8 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген болатын.