Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Бокс

ҰОК

Қазақстандық былғары қолғап шебері Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында мысырлық боксшы Хаджер Эльшербини Вахбамен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша Марал Төлепберген 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) және Бибарыс Әшірбай (70 келі) 1/2 финалға өткен еді.