«Қайрат» командасы Брюссельге аттанды
Футбол
«Қайрат» футбол клубы
Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Андерлехтпен» қарымта матчқа қатысу үшін Бельгия астанасы Брюссельге аттанды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан чемпионы Бельгияға чартерлік рейспен ұшқан. Клубтың әлеуметтік желілерде жариялаған суреттеріне қарағанда, Брюссельге «Қайрат-Жастар» командасының бірқатар жас футболшысы және негізгі құрамның бірнеше ойыншысы барған.
УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Андерлехт» пен «Қайрат» арасындағы қарымта кездесу 2026 жылғы 27 тамыз, бейсенбі күні Брюссельде өтеді.
Командалардың Алматыда өткен алғашқы ойыны бельгиялық клубтың 3:0 есебіндегі жеңісімен аяқталған.