Уфадағы турнирге «Барыс» сапынан кімдер қатысады

Уфадағы турнирге «Барыс» сапынан кімдер қатысады
Хоккей

«Барыс» хоккей клубы

«Барыс» хоккей клубы Уфада өтетін Башқұртстан Республикасы кубогына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

17-20 тамыз аралығындағы турнир команда үшін ҚХЛ-дың жаңа маусымына дайындық кезеңдерінің бірі болмақ. Жарысқа «Барыстан» бөлек алаң иесі «Салават Юлаев», Хабаровскінің «Амуры» және Тольяттидің «Ладасы» қатысады. Командалар айналмалы жүйе бойынша өзара кездеседі. 

«Барыстың» қақпасын Уфада Хантер Шепард, Андрей Шутов және Владислав Нурек қорғайды. 

Қорғаныс шебіне Джейк Масси, Иэн Маккошен, Чейз Приски, Дамир Бритиков, Бейбарыс Оразов, Логан Дэй, Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Темірлан Айболұлы және Мәди Диханбек енді. 

Шабуылшылар қатарында Тайс Томпсон, Абзал Әлібек, Всеволод Логвин, Дінмұхамед Қайыржан, Гарретт Пилон, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Асанәлі Сәркенов, Кирилл Ляпунов, Аркадий Шестаков, Семён Симонов, Ансар Шайхмедденов, Тимур Миндубаев, Батырлан Мұратов және Кирилл Савицкий бар. Дамир Бритиков, Темірлан Айболұлы және Тимур Миндубаев «Барыстың» фарм-клубы – «Снежные Барсы» сапынан шақырылған. Джастин Бэйли мен Мэйсон Морелли Уфаға бармайды. Елордалық клубтың мәліметінше, қос хоккейші ұйымдастырушылық себептерге байланысты турнирді өткізіп алады. Сондай-ақ Әлихан Әсетов Астанада қалып, жарақатынан кейінгі қалпына келу жұмыстарын жалғастырады. 

Уфадағы турнир «Барыстың» бапкерлер штабына жаңа маусым қарсаңында хоккейшілердің дайындығын бағалап, түрлі ойын үйлесімдерін сынауға мүмкіндік береді.