Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Дзюдо
Сараевода (Босния және Герцеговина) дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты өтуде. Турнирдің бірінші күні Қазақстан медальмен марапатталды. Қола медальді Диас Жолдыбаев жеңіп алды. Ол 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші болды. Үшінші орын үшін айқаста қазақстандық Армениядан келген Гора Сафаряннан басым түсті.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KAZ JUDO TEAM (@kaz_judoteam)