Танымал файтер титулдық жекпе-жектен кейін уақытша шеттетілді

Танымал файтер титулдық жекпе-жектен кейін уақытша шеттетілді
Жекпе-жек

Chris Unger/Zuffa LLC

UFC чемпионы Ислам Махачев Иэн Гэрримен өткен титулдық жекпе-жектен кейін медициналық себеппен 30 күнге жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Пенсильвания штатының Атлетикалық комиссиясы UFC 330 турнирінен кейін спортшыларға қатысты медициналық шешімдерін шығарды. Соның нәтижесінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевке 30 күндік медициналық шектеу қойылды. Мәлімет бойынша, Иэн Гэрриге қарсы бес раундқа созылған кездесуден кейін Махачевтің қабырғасы соғылғаны анықталған. Осыған байланысты чемпион алдағы бір ай бойы ресми жекпе-жектерге қатыса алмайды. Ал оның қарсыласы Иэн Гэрри бес раундтық ауыр кездесуден кейін медициналық шеттету алған жоқ. UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде Махачев пен Гэрри толық бес раунд өткізді. Ресейлік файтер кездесудің басым бөлігінде қарсыласын бақылауда ұстап, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық белдігін сақтап қалды. Бұл жеңістен кейін Махачевтің UFC-дегі жеңісті сериясы 17 жекпе-жекке жетті. Оның кәсіпқой мансабындағы көрсеткіші енді 29 жеңіс және 1 жеңілісті құрайды. Енді чемпион қысқа мерзімді қалпына келу кезеңінен өтеді. 30 күндік медициналық шектеу аяқталғаннан кейін Махачев толыққанды жаттығу процесіне қайта орала алады.