Хоккейден Қазақстан кубогы: Командалардың топтық құрамы мен ойын кестесі белгілі болды

Хоккейден Қазақстан кубогы: Командалардың топтық құрамы мен ойын кестесі белгілі болды
Хоккей

Pro.Ligasy.kz

Шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы үшін өтетін биылғы бәсекеде 10 команда бақ сынап, Өскемен мен Қарағанды қалаларында екі топқа бөлініп ойнайды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Алдын ала кезең кездесулері 14–19 тамыз аралығында өтсе, жартылай финал мен шешуші финалдық ойындар 22–23 тамыз күндері Қарағанды мұз айдынында ұйымдастырылады.

Өскемендегі «А» тобында ел чемпионы «Номад» пен кубоктың қазіргі иегері «Торпедо» өзара мықтыны анықтаса, «В» тобының матчтары Қарағандыда «Сарыарқа» мен «Бейбарыс» сынды ұжымдардың қатысуымен өтеді.