Футзалдан Қазақстан құрамасының Кубогы мен матчтары Ақтауда өтетін болды

Футбол
Суперкубок, Қазақстан Кубогы және Ұлттық құрама ойындары Ақтау қаласында өтетін болды.
«Қазақстан Футзал Ассоциациясы осы жылдың қыркүйек айында өтетін Суперкубок, Қазақстан Кубогы және футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойындарын Ақтау қаласында өткізуге жіберілген ұсынымызды қабылдағанын хабарлаймыз!», - деп хабарлады «Каспий» шағын футбол клубының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін «Каспий» футзал клубы Қазақстан футбол федерациясына Ақтауда Қазақстан Кубогы-2022 мен ел құрамасының матчтарын өткізуге өтінім берген еді.Посмотреть эту публикацию в Instagram