Роналду Ұлттар лигасы финалындағы жеңістен кейін көз жасына ерік берді (ФОТО)

Роналду Ұлттар лигасы финалындағы жеңістен кейін көз жасына ерік берді (ФОТО)
Футбол

Уефа

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Ұлттар лигасының финалында Испанияны пенальти сериясында (2:2, 5:3) жеңгеннен кейін алаңда жылап жіберді, деп хабарлайды Bassport.kz

Аңыз шабуылшы бұл ойында бір гол соғып, командасына үлкен үлес қосты. Алайда екінші таймның соңына қарай жарақатына байланысты ойыннан шығып қалды.

Матч соңында 40 жастағы футболшы эмоциясын ұстай алмай, жанкүйерлер мен командаластарының көз алдында көз жасына ерік берді. Бұл финал Роналду үшін тарихи сәт болды — ол Ұлттар лигасы тарихындағы ең егде жастағы финалист ретінде тіркелді.

Айта кетейік, Португалия құрамасы бұл турнирде екінші мәрте чемпион атанып отыр. Алғашқы рет португалиялықтар 2019 жылы өз жерінде өткен алғашқы Ұлттар лигасының финалында Нидерландыны 1:0 есебімен жеңіп, кубокты еншілеген болатын.