Сергей Ташуев — Самородовқа: есіңді жи, жігіт!

Сергей Ташуев — Самородовқа: есіңді жи, жігіт!
Футбол

«Ахмат» ФК

Грозныйдың «Ахмат» клубының бұрынғы бас бапкері Сергей Ташуев маусымның соңғы бөлігіндегі Максим Самородовтың ойыны туралы пікір білдіріп, қазақстандық футболшыға кеңес айтты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты BorodAbata.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«Жанкүйерлер команданың жеңіске жеткенін қалайды. Міне, «Уралмен» болған плей-офф ойынында Самородовқа мен де, басқа жігіттер де айттық: “Тек допты жоғалтпа!”. Ал ол алаңға немқұрайлы күйде шықты. Допты жоғалтып алды, үш бұрыштама, пенальти — біз жеңіліп қалдық. Осындай жағдайлар бірнеше рет қайталанды. Мен тіпті оған: “Сенде бір қара таңба жүргендей”, – деп те айттым.

Макс, сен мұны оқитыныңды білемін. Сондықтан саған кеңесім: есіңді жи, жігіт! Әйтпесе болашағың жарқын болмайды. Қаншама жақсы қасиеттерің бар: дарындысың, қабілеттісің, бірақ байыпты, тұтас ойыншыға айнал. Жұмыс істей біл. Біз «ПСЖ» мысалын көріп отырмыз. Бұрын оларда Неймар – Месси – Мбаппе үштігі болғанда айтарлықтай ештеңе жеңе алмады. Қазір барлық ойыншылар жұмыс істеп жүр. Оның ішінде тәжірибелі Ашраф Хакими мен Витинья да бар. Соның нәтижесінде – Чемпиондар лигасының жүлдесі.

Жас футболшылар біліп жүрсін: өзіңді ғана емес, ұжымды да сүю керек. Бапкер не десе – сол заң. Бір жолы Ресейдің қазіргі танымал жаттықтырушысы кезінде Олег Иванович Романцевтен: “Испанияда қалай жақсы ойнауға болады?”, – деп сұраған. Сонда ол: “Ештеңенің керегі жоқ: еңбекте десең – еңбектен, жүгір де десе – жүгір”, – деп жауап берген. Нәтижесінде ол ойыншы Испанияда жарқырап ойнап, бүгінгі күні отандық футболдағы беделді маманға айналды», – деді Ташуев BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, өткен маусымда Самородов сегіз гол мен төрт нәтижелі пас авторы атанды. Маусым қорытындысы бойынша «Ахмат» РПЛ-да қалу үшін «Уралды» плей-оффта 3:2 есебімен жеңіп, әрең дегенде жоғары лигада сақталып қалды.