Қазақстан киберфутболдың финалынан шығып қалды

Қазақстан киберфутболдың финалынан шығып қалды
Киберспорт
FIFAe Nations Cup 2022 турнирінің финалдық кезеңіне алғаш рет жолдама алған Қазақстан құрамасы жарыс жолынан шығып қалды. Копенгагенде өтіп жатқан дүбірлі додада отандастарымыз С тобында Португалия, Израиль, Канада, Испания және Оңтүстік Корея командаларымен бақ сынасқан болатын. Алайда жарыстың алғашқы күнінде 4 ойында есе жіберіп, біреуінде тең түсті. Жерлестеріміз доданың екінші күнінде қарқынды жоғарылатып, Испания мен Канада командаларын жеңгенімен Португалиядан жеңіліп, Оңтүстік Корея командасымен тең ойнады. Нәтижесінде топта бесінші орынға табан тіреп, келесі кезеңге өте алмады.