Өз елімізде алтын бұйырмады

Дзюдо
Сали Сабиров/Қазақстан Дзюдо Федерациясы
Ерасыл Қажыбаев - алтын алады деп күткен үміткеріміз, финалда жеңіліп, күміс жүлдені місе тұтты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Ақтық мәреде Ерасыл жапондық дзюдошы Хега Отамен кездесіп, иппонмен жеңіліп қалды. Осылайша, отандасымыз екінші орында тұрақтады.
Астана қаласында өткен Judo Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жалпы командалық кесте бойынша Қазақстан құрамасы 9-орынға жайғасты. Кестеде алғашқы үш сатыда тұрақтаған командалар:
1. Ресей (ХДФ) - 3 алтын, 2 күміс
2. Оңтүстік Корея - 3 алтын
3. Жапония - 2 алтын, 4 күміс, 1 қола
…
9. Қазақстан - 3 күміс, 6 қола