Екі қазақстандық киберспортсмен The International 12-де ойнайтын болды
Киберспорт
Дота ойыны бойынша әлем чемпионаты саналатын турнирде алғаш рет Қазақстан өкілдері ойнайды, деп хабарлайды Bassport.kz.
2023 жылғы The International турниріне алғашқы болып Әлімжан "Watson" Исламбеков шықты. Ол өзінің "Entity" командасымен Батыс Еуропаның іріктеу турнирінде жеңіске жетті.
Одан кейін тарихи жағдай еселене түсіп, қазақстандық тағы бір ойыншы Айбек "TA2000" Тоқаев та әлемнің басты жарысына жолдама алды. Тоқаевтың "Quest Esports" командасы Батыс Еуропаға берілген екінші жолдаманы жеңіп алды.
Айта кетейік, The International дегеніміз - Dota 2 ойыны бойынша жылдың басты турнирі. Биылғы жарыс АҚШ-тың Сиэтл қаласында өтеді. Онда әлемнің үздік 20 командасы 12-29 қазан аралығында миллиондаған доллар үшін бақ сынайды.