Ислам Махачев қазақстандық файтер туралы мәлімдеме жасады

Ислам Махачев қазақстандық файтер туралы мәлімдеме жасады
Жекпе-жек

UFC

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев қазіргі дивизионындағы бәсекелестік деңгейі бұрын өзі үстемдік құрған жеңіл салмаққа қарағанда әлдеқайда жоғары екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұйымның баспасөз қызметіне берген сұхбатында ресейлік файтер өзіне шаршы алаңда жаңа мотивация беретін мықты спортшыларды атап өтті. Олардың қатарында Қазақстанның намысын қорғайтын, бұған дейін үздік үштікке кіргенімен, ұзақ уақыт бойы жекпе-жекке шықпағандықтан рейтингіден уақытша тыс қалған Шавқат Рахмонов та бар.

– Мені бәрінен де қатты жігерлендіретін нәрсе – қарсыластарым. Қазіргі рейтингіге көз салсақ, мен міндетті түрде жеңуім керек өте мықты жігіттерді көремін – Пратес, Моралес, Шавкат (Рахмонов)... Осы файтерлердің барлығы менің жаттығу залында аянбай тер төгуіме мәжбүрлейді. Өйткені олар чемпиондық белбеу үшін айқасуға толық лайықты нағыз үміткерлер. Ал бұрын жеңіл салмақта жүргенімде рейтингіге қарап, маған үлкен қызығушылық тудыратын ешкімді көре алмайтынмын, - деп ағынан жарылды Махачев.

Естеріңізге сала кетейік, ертең, 16 тамыз күні таңертең Филадельфияда (АҚШ) өтетін UFC 330 турнирінің басты кездесуінде Ислам Махачев ирландиялық Ян Гарриге қарсы чемпиондық атағын қорғайды.