Қазақ қызы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Басқа
Ташкенттегі ауыр атлетикадан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні 87 келіден астам қыздар тұғырға шықты.
Қазақстан өкілі Айсамал Сансызбаева әрбір жаттығуда және қоссайыста күміс медаль жеңіп алып, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.
Сондай-ақ, 20 жасқа дейінгі жастар арасында 109 келі салмақ дәрежесінде Жанәлі Тұяқов пен Маматқұл Бағдат өнер көрсетті.
Жанәлі қоссайыс қорытындысы бойынша 336 (146+190) келі салмақ көтеріп, 5-орынға тұрақтады. Бағдат қорытынды хаттаманың 6-жолында орналасқан-333(148+185)