Қазақстанда шетелдік спортшыларды мемлекеттік қаржыландыру тоқтатылады
Басқа
АР
Мәжіліс шетелдік спортшыларды мемлекеттік және квазимемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BasSport.kz.
“Дене шынықтыру және спорт туралы” заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларға бюджеттен қаражат бөлінбейді.
Осылайша, легионерлерді мемлекет есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.
Бұл шешім Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану туралы тапсырмасына сәйкес қабылданды. Мәжіліс депутаттары бұл өзгерісті 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ұлттық құраманың көрсеткен нәтижелерімен байланыстырып отыр.