Forbes тізіміндегі бизнесмен спорт ұйымынан кетті

Forbes тізіміндегі бизнесмен спорт ұйымынан кетті
Басқа

Ulysmedia коллажы

Танымал кәсіпкер Исламбек Салжанов Қазақстан этноспорт қауымдастығының президенттігінен кетеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ulysmedia басылымының мәліметінше, миллионер Исламбек Салжанов аталған ұйым басшылығынан ресми түрде кетуге шешім қабылдаған. Ол бұл қызметке 2022 жылы сайланған болатын. Бұған дейін қауымдастықты Бекболат Тілеухан басқарған.

Исламбек Салжанов – белгілі қазақстандық бизнесмен және меценат. Forbes Kazakhstan деректеріне сәйкес, ол GE Logistics ЖШС-нің иесі. Бұл компания “Алтын Қыран” холдингтік тобына кіреді.