Джон Ван ’Т Шкип футбол ҚФФ үйінің жұмысымен танысты

Джон Ван ’Т Шкип футбол ҚФФ үйінің жұмысымен танысты
Футбол

ҚФФ

ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн және нидерландық маман Джон ван ’т Шкип Футбол үйін аралап, федерация қызметкерлерімен пікір алмасты. Бұдан бөлек, ҚФФ музейін көріп, Қазақстан футболының тарихы мен федерацияның маңызды жетістіктерімен танысты, деп хабарлайды Bassport.kz ҚФФ-ге сілтеме жасап. 

Сондай-ақ Джон ван ’т Шкип ҚФФ-ның футбол манежіне барып, «Жеңіс» футбол орталығының тәрбиеленушілері және жаттықтырушылар штабымен жүздесті. 

Кездесу барысында Джон ван ’т Шкип жас футболшылардың жаттығу барысын бақылап, жаттықтырушылармен балалар және жасөспірімдер футболын дамыту, ойыншыларды даярлау және болашағы зор футболшыларды қалыптастыру туралы пікір алмасты.