Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 2 алтын алды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 2 алтын алды
Басқа

ҰОК

Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін еншіледі, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков алтын медаль иеленді. Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3 400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанды. Ал Полат Төребеков 3 400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.