Ямаль жаңа рекорд орнатты
Футбол
Offside.kz
Барселона ФК шабуылшысы Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында тарихи жетістікке қол жеткізді. Жас вундеркинд Атлетико Мадрид клубына қарсы 1/4 финалдың жауапты матчында 4-минутта есеп ашып, командасына тамаша бастама сыйлады.
Бұл гол Ямаль үшін Чемпиондар лигасындағы 11-ші нәтижелі соққы болды. Осылайша ол турнир тарихында ең жас ойыншы ретінде 11 голға жеткен футболшы атанды. Бұған дейін бұл рекорд Килиан Мбаппе еншісінде болған – француз жұлдызы 19 жасқа дейін 10 гол соққан еді.
Сонымен қатар Ямаль биылғы маусымда да ерекше көрсеткіш тіркеп отыр. Оның еншісінде қазірдің өзінде 6 гол мен 4 нәтижелі пас бар. Бұл оны Чемпиондар лигасының бір маусымында 10 нәтижелі әрекетке қатысқан ең жас ойыншы етеді.